Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Комада жатқан әйел жаңа туған нәрестені көкірегіне қойғанда оянып кетті

Опубликовано:

Бразилияның Форталеза қаласында жаңадан босанған әйел комаға түскен. Дәрігерлер оны оятуға қанша тырысқанымен, ешқандай нәтиже шықпаған. Ал сәбиді жас ананың көкірегіне қойған кезде ол бірден есін жиыпты деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: catersnews.com
Фото: catersnews.com: UGC

28 жастағы Аманда да Сильва ауруханаға эпилепсиялық талықсумен түскен. Жүктіліктің соңғы аптасындағы әйелді дәрігерлер кесер тілігі арқылы босандырып алып, өзін жасанды тыныс алу аппаратына қосады.

Науқастың өміріне аса қатты қауіп төнгенде дәрігерлер оны комадан шығару үшін барлық әдісті қолданады. Алайда оның жүрегі тек баласын кеудесіне қойғанда ғана қайта соғып, көздерінен жас аға бастаған.

Осыдан 20 күн өткен соң Сильва толықтай сауығып, үйіне жіберілген. Ақ халаттылар әйелдің қайта оянғанын көргенде қуаныштан барлығымыз жыладық дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1758221-komada-zatkan-jel-zaa-tugan-nresteni-kkiregine-kojganda-oanyp-ketti/

pixel