Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ламборджини сыйлап, үйленуге ұсыныс жасаған жігіт ұятқа қалды

Опубликовано:

Қытайлық азамат өзінің екінші жартысына қымбат көлік сыйлап, жұрт алдында үйленуге ұсыныс жасаған. Алайда сүйген қызы оған тұрмысқа шығудан бас тартып, ғашығын ұятқа қалдырды деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

golos.ua
Фото:golos.ua: UGC

Жігіт қызын адамдар көп жүретін алаңға шақырған. Сол жерге сыйлықтар мен қызғылт-сары түсті Ламборджини көлігін де дайындап қойған екен.

Сүйіктісі келген кезде жігіт оның алдында тізерлеп, гүл шоғын табыстап, үйленуге ұсыныс жасапты. Қыз бір сәтке ойланып, сосын "Кешір, қаламаймын", - деп жауап беріпті.

"Бірақ менде ақша бар! Қанша көлік қаласаң, соншасын алып беремін", - деп жігіт қызды көндірмек болыпты.

Ол аздай "Маған тұрмысқа шық, маған тұрмысқа шық", - деп ғашығының қолын жібермей ұстап алған екен.

"Ақшаң болса қайтейін!", - деген қыз қолын жұлып алып, құрбысымен бірге кетіп қалған.

Достары байғұс жігітті сабырға шақыруға тырысқанмен, жігіт ашуға булығып, видеоға түсіріп тұрған достарының біріне гүл шоғын лақтырып, сүйіктісімен үйленетіндерін атап өту үшін дайындаған дүниелердің бәрін қирата бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1759622-lambordzini-syjlap-jlenuge-synys-zasagan-zigit-atka-kaldy/

pixel