Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футбол кезінде алаңға жартылай жалаңаш жүгіріп шыққан қыз ұятқа қалды

Опубликовано:

Голландияда өтіп жатқан "Рингсбургкс" - "Амстердам" командалары арасындағы футбол ойыны кезінде жанкүйер қыз алаңға жалаңаш жүгіріп шыққан. Бұл туралы Ren.TV арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: oxu.az
Көрнекі фото: oxu.az: UGC

Голландия чемпионатының екінші дивизионында алаңға шыққан арудың кесірінен ойын тоқтатылған.

Видежазбада жанкүйердің қолына ту ұстап алып, жолында кездескен футболшыларға тиісіп жүргенін байқауға болады. Ал спортшылар керісінше, одан қашуға тырысқан.

Бір қызығы, жалаңаш жүгірген аруды ешкім тоқтатпаған. Біршама уақыт өткен соң ол алаңнан өзі шығып кетіпті.

Айта кетейік, ойын "Амстердам" пайдасына 6:2 есебімен аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1761777-futbol-kezinde-alaga-zartylaj-zalaas-zgirip-sykkan-kyz-atka-kaldy/

pixel