Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иісі сасық жемістің кесірінен ұшақ 6 сағатқа кешіктірілген

Опубликовано:

Индонезияда Джакартадан Бенкулаға жол тартпақ болған ұшақ рейсі экзотикалық жемістің жағымсыз иісі үшін кешіктірілген. Жолаушылар дуриан жемісінің сасық иісіне шағымданыпты деп хабарлайды news.21.by сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.21.by
Көрнекі фото: news.21.by: UGC

Дуриан әлемдегі ең өткір иісті жемістер қатарында. Кей елдерде оны қоғамдық көлікпен алып жүруге тыйым салынған екен.

Жолаушылар ұшақтан тез арада аталмыш жемісті шығарып тастауды талап еткен. Кейбірі тіпті, экипаж мүшелеріне ашуланып, дөрікілік көрсетіпті. Осының кесірінен әуе рейсі алты сағатқа кешіктірілген.

Кейінірек белгілі болғандай, жолаушылар арасында әуе кемесі тым ауыр жүк артып, ол құлап қалады деп қорыққандар да болыпты. Көпшілігі Боинга 737 апатынан кейін трагедиялық жағдайға тап болудан сақтанған көрінеді.

Ал ұшақ бортында 2 025 келі дуриан тиелген екен. Оны түсіріп кеткеннен кейін ұшақ өз рейсін сәтті орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1762313-iisi-sasyk-zemisti-kesirinen-sak-6-sagatka-kesiktirilgen/

pixel