Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар газды сусындардың өлімге әкелетінін анықтады

Опубликовано:

Канададағы Торонто университетінің ғалымдары газды сусындардың адам өліміне әкеп соқтыратынын дәлелдеді деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: GlobalLab
Фото: GlobalLab: Twitter

Мамандардың айтуынша, мұндай сусындар адам ағзасын ластап, имунитеттің төмендеуіне бірден-бір себепкер бола алады.

Торонто университетінің ғалымдары түрлі сусындардың адам ағзасына әсерін тексермек болып, 155 зерттеу жүргізді. Нәтижесінде олардың ішінде адамдар сүйіп ішетін газды сусындар ең зиянды болып шыққан.

Мамандар, тіпті құрамында қант болмайтын сусындар да диабетке шалдықтыратынын анықтады.

Ғалымдар газды сусындардың адам ағзасына қажетті калориялар мөлшерін айтарлықтай көбейтіп жіберетінін жеткізді. Оған қоса, сусын салдарынан қан құрамындағы глюкоза деңгейі ең қауіпті дәрежесіне дейін көтеріліп кетеді.

Ал газды сусындарды күнделікті ішетін адамдар болса, өмір соңына дейін инсулинге тәуелді болып қлауы әбден мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1765177-galymdar-gazdy-susyndardy-limge-keletinin-anyktady/

pixel