Жас жігіттің шашын өртеп жіберген шаштаразшы жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Үндістанда жас жігіттің шашын өртеп жіберген шаштаразшы ойда-жоқта танымал болып кетті. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: Instagram

Хайдарабад қаласындағы салонда болған оқиғаны куәгер видеоға түсіріп алған. Кадрларда шаштаразшының екі қайшы мен оттықты ғана пайдаланып жатқанын байқауға болады.

Басылымның айтуынша, отпен шаш қию үшін шаштаразшы клиенттің басына бір ұнтақ сеуіп, оттықпен жағып жібереді. Осы уақытта ол екінші қолымен шашын тарап, қия бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1766246-zas-zigitti-sasyn-rtep-zibergen-sastarazsy-zrtty-tagaldyrdy/