Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз күшейіп, боран соғады

Опубликовано:

Үшінші желтоқсан күні Қазақстанстанның басым аймақтары антициклонның әсерінде болғандықтан, аяз күшейеді деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

365news.biz
Көрнекі фото: 365news.biz: Facebook

Солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарда атмосфералық фронттар өтіп, қар жауады, оңтүстік батыста жауын-шашын жауады. Жел көтеріліп, боран соғады.

Оңтүстік аймақтарда жел күшейіді. Қызылорда облысында кей жерлерге тұман түсіп, таңертең және күндіз жел күші 15-20 метр секундқа жетеді. Жамбыл облысында тұман, жел күші 15-20 метр секундқа жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерге тұман түсіп, жел күші 18-23 метр секундқа жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1766599-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-aaz-ksejip-boran-sogady/