Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдарды құбыжыққа айналдырып жіберген хирург сотталды

Опубликовано:

Бразилияның 40-тан аса тұрғыны өздерінің келебтін адам танымастай етіп өзгерткен пластикалық хирургты өмір бойына лицензиядан айыру үшін сотқа берген. Оннан аса жәбірленуші безеуден қалған тыртықтарды кетіреміз деп ота жасатып, құбыжыққа айналған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

FocusOn News
Фото: FocusOn News: Instagram

Батыс Бразилияның Гояна қаласында 40-тан аса науқас Уэсли Мураками есімді хирургты беттеріне улы препарат енгізді деп айыптауда. Бұл дәрі бет ісігіне алып келген.

FocusOn News
Фото:FocusOn News: Instagram

FocusOn News
Фото:FocusOn News: Instagram

Сонымен қатар, ер адамның тиісті біліктілігі болмағаны анықталған.

Кейбір науқастар дәрігердің беттерін қалай өзгерткенін көрсетіп, суретке түсірген. Олар хирургтың өмір бойына лицензиядан айырылуын талап етуде.

FocusOn News
Фото:FocusOn News: Instagram

Есімін құпия сақтауды жөн көрген 35 жастағы ер адам бетіндегі тыртықтардан арылу үшін биопластика жасатуға бел буған.

FocusOn News
Фото:FocusOn News: Instagram

Хирург препаратты енгізгеннен кейін науқас төрт жыл бойы емделген, бірақ жүзін бұрынғы қалпына сол күйі қайтара алмаған.

"Уэсли дәрігер бетімнің әдемі болатынын, тыртықтардың ізі де қалмайтынын айтты. Бірақ нәтиженің өмір бойына сақталатынын ескертпеді. Мен ол ботокс сияқты уақыт өте өзі тарап кетеді деп ойлағанмын", - деді жәбірленуші.
FocusOn News
Фото:FocusOn News: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1767690-adamdardy-kbyzykka-ajnaldyryp-zibergen-hirurg-sottaldy/

pixel