Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салмағы 200 келіге жуық балақай адам танымастай өзгеріп кетті

Опубликовано:

Индонезияда салмағы 190 келі болатын 12 жастағы бала қанттан түгелдей бас тартып, екі есе салмақ тастаған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото © Caters News Agency
Фото © Caters News Agency: Facebook

Арье Пермана әлемдегі салмағы ауыр баланың бірі болған. Оның өлшемі әрдайым өсіп отырыпты, нәтижесінде Индонезияда оған тура келетін балалар киімі болмаған.

Ал тамақтанғанда екі үлкен адамның үлесін пайдаланыпты.

Фото © Caters News Agency
Фото © Caters News Agency: Facebook

Арье дені сау сәби ретінде дүниеге келген. Тіпті салмағы да орташа болған. Алайда ол екі жасқа жеткенде өздігінен салмақ қоса бастапты.

Ата-анасы ұлын тамақтандыру үшін көршілері мен туыстарынан қарызға ақша алуға мәжбүр болған. Арье күніне бес рет тамақтанатын болған.

Фото © Caters News Agency
Фото © Caters News Agency: Facebook

Бір күні Арье диетаға отыруды шешкен. Содан бері 100 келіге жуық салмақ тастапты.

фото: kulturologia.ru
фото: kulturologia.ru: Facebook

Қазір артық салмақтан арылған балақай үш миль жүреді және достарымен бадминтон ойнайды.

Бұрынырақ артық салмақтың салдарынан мектепке бара алмайтын Арье таяуда оқуға қайта оралауды мақсат етіп жүр.

Фото © Caters News Agency
Фото © Caters News Agency: Facebook
"Енді мен бақытты баламын. Өзім жүре аламын. Бұрынғымен салыстырғанда тез қозғаламын. Күнде футбол ойнаймын. Болашақта кәсіби спортшы болуды армандаймын", - дейді Арье Пермана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1769258-salmagy-200-kelige-zuyk-balakaj-adam-tanymastaj-zgerip-ketti/

pixel