Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Қытайда кәрі қыздарға жігіт табу үшін демалыс берілетін болды

Опубликовано:

Қытайда жүздеген млн халық жеті күнге созылатын жаңа жылдық демалыстарды күтіп жүр. Алайда, компанияларда жұмыс істейтін "кәрі қыздар" қосымша сегіз күн демалыс алмақ деп хабарлайды BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: travelask.ru
Көрнекі фото: travelask.ru: Depositphotos

Бұл демалыс 35 жасқа таяп қалған қыздарға арнайы қарастырылған.

Қытайдағы көптеген компаниялар жаңа жылдық мерекеден соң өз махаббаттары мен бақыттарын кездестіру үшін жалғызбасты жандарға еңбек демалысын ұсынуды жөн көріпті.

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Ханчжоуда екі компания бірдей тұрмыс құрмаған бойжеткендерге қосымша демалыс берген. Ондағы қалалық мектептердің бірінде күйеуге шықпаған ұстаздарға сүйіктілерін тауып, кездесуге бару үшін арнайы уақыт бөлінеді екен.

Қытайда жасы 25-тен асса да, тұрмыс құрмаған қыздарды "шэнню" деп атайды. Олар қытай тілінен аударғанда "қалдықтар" деген мағына береді екен.

Дегенмен, елде отбасын құрмай, мансап жолына назар аударатын бикештердің саны күн өткен сайын артып барады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775150-kytajda-kri-kyzdarga-zigit-tabu-sin-demalys-beriletin-boldy/

pixel