Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлы үшін қолтырауынмен айқасқан ержүрек әке жұртты тәнті етті

Опубликовано:

Филиппиныдың Палаван ауданында ержүрек әке 12 жастағы ұлын құтқару үшін қолтырауынға тісімен жармасқан. Жантүршігерлік арпалыс Диего Абулхасан кіші інісімен үйінің маңындағы өзенде шомылып жүргенде болған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © ViralPress
Фото: © ViralPress: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, жыртқыш жеткіншекке шабуыл жасап, оны суға қарай тарта жөнелген. Осы кезде айқайды естіген әкесі Техада бірден көмекке ұмтылыпты. Ер адамның қолында тақтай ғана болған.

Ол қолтырауынды бірнеше мәрте тұмсығынан ұрғанымен жыртқыш бәрібір берілмеген. Сол кезде амалы таусылған ер адам қолтырауынның табанына тісімен жармасқан.

"Менің ойланып тұратын уақытым болмады. Қолтырауынмен айқастым ол менің көзіме тіке қарады. Осы кезде ойыма оны тістеп алу келді. Мен әлім келгенше оның табанынан ұстап алып, қатты тістедім", - дейді Техада.

Ержүрек әкенің бұл әрекеті ғажайыптың күшімен нәтижесін беріп, қолтырауын өз жөнімен кеткен. Ер адам дереу ұлын жағаға шығарып, ауруханаға жеткізіпті.

Жеткіншек екі күн ауруханада жатып, үйіне шығарылған. Абырой болғанда Диегода тек тыртықтар ғана қалған.

Фото: © ViralPress
Фото: © ViralPress: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1775758-ly-sin-koltyrauynmen-ajkaskan-erzrek-ke-zrtty-tnti-etti/

pixel