Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірінші ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Жарияланған күні:

Жалпы тыныш, қолайлы күн. Алайда бүгін шенділермен кездеспеген абзал. Көптен бері мазалап жүрген сұрақтың жауабын алуыңыз мүмкін. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ бірінші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

uduba.com
Көрнекі фото:uduba.com: Facebook

1.Тоқты

Бүгінгі күнге жоспарлағаныңыздың бәрі жүзеге асады. Бірақ сенімді болмасаңыз, істі кейінге қалдырған жөн. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Іскерлік қабілетіңізді көрсетудің мүмкіндігі тууы мүмкін. Диетаға отырсаңыз, оның әсерін тез байқайсыз.

2. Торпақ

Концерт, сауықкеш және басқа да жиындарға қатысу үшін таптырмайтын күн. Кейбір істерді кейінге қалдыру керек болса, уайымдамаңыз. Жақындарыңыз қолдау көрсетіп, кейбір міндеттерді өз мойындарына алады. Саяхаттау үшін қолайлы күн. Бейтаныс адамдарға сырларыңызды айтпаңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Суық тиіп қалуы мүмкін.

3. Егіздер

Көптен бері аңсаған арманыңыз орындалады. Жұмыста қаржылық тексерістер болуы мүмкін. Ақша жоғалту ықтималдығы жоғары. Тәуекелге бармаңыз. Денсаулығыңыз әлсірегендіктен, ауыр зат көтермеңіз.

4. Шаян

Әрбір сөзіңізге абай болыңыз. Балаларыңызбен ренжіспеңіз, әйтпесе болашақта келеңсіздіктер орын алуы мүмкін. Орынсыз ақша жұмсамаңыз, кейін өкініп қалуыңыз әбден мүмкін. Жаңа табыс көзін іздесеңіз дұрыс болады, болашақта күтпеген шығындар болуы мүмкін. Асқорыту жүйесіне көңіл бөліңіз.

5. Арыстан

Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бірақ өзіңізге таныс емес іске араласпаған жөн. Қаржылық жағдайыңызды дұрыстаудың мүмкіндігі туады. Қандай жаңалық алсаңыз да, сабырлылық сақтаңыз. Көп ақша жұмсамаңыз. Ішімдік және дәрі-дәрмек ішпеген абзал.

6. Бикеш

Бүгінгі күннің сәтті өтуі өзіңізге байланысты. Бір орында отырмай, барлық жерге үлгеруге тырыссаңыз, жетістікке жетесіз. Көп жоспар құрмаңыз.

7. Таразы

Әріптестеріңізбен араласып, маңызды ақпарат алуыңыз мүмкін. Әңгімелесіп отырған адамның әрбір сөзіне құлақ асып, алған ақпаратқа талдау жасаңыз. Бүгін қарыз алуға да, беруге де болмайды. Ішімдік ішпеген абзал.

8. Сарышаян

Асығыс шешім қабылдамаған жөн. Одан да достарыңыз бен жақындарыңыздың қасында уақыт өткізіңіз. Несие немесе қарыз алудың қажеті жоқ. Көбірек су ішіп, көкеністер жеңіз. Бұл теріңізге оң әсер етеді.

9. Мерген

Бүгін ешкімнің кеңесін тыңдамаңыз. Қиындықтан шығу үшін көбірек күліңіз, сонда кез келген нәрсені еңсере аласыз. Өзіңізге көңіл бөліп, сүйікті ісіңізбен айналысқан жөн. Кәріптастан жасалған әшекейіңіз болса, оны тағыңыз. Бұл күш-қуатыңызды арттыруға көмектеседі.

10. Тауешкі

Бүгін қарыз алуға және беруге болмайды. Әрекетке көшетін кез келді. Денсаулығыңызға көңіл бөліп, спортпен шұғылданыңыз.

11. Суқұйғыш

Жұмысты бірінші орынға қоямын деп, отбасыңызбен қарым-қатынасты салқындатып алдыңыз. Кәсіби міндеттеріңізге жеке өміріңізді құртуға рұқсат етпеңіз. Бүгін қарыз алуға да, беруге де болмайды. Қаржы мәселелерін кейінге қалдырыңыз. Артық ақшаңыз болса, оларды қайда салуға болатынын ойластырыңыз. Ішімдік пен ащы тамақ ішпеңіз.

12. Балықтар

Бүгінге жоспарлаған істердің барлығы сәтті аяқталады. Әсіресе сауда-саттық мәселелері. Сәттілік серігіңізге айналады. Өзіңізге сенімді болсаңыз, бәрін де еңсересіз. Ішкі түйсігіңіздің артқаны соншалық, болашақты болжайтын боласызү Емдік шараларды бастау үшін өте қолайлы күн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1776069-birinsi-akpanga-arnalgan-zldyz-zoramal/