Алтыншы қаңтарға арналған жұлдыз жорамал
Опубликовано:
Қайырымдылықпен айналысу үшін қолайлы күн. Өміріңізге қандай да бір өзгеріс енгізгіңіз келсе, бүгінгі бастама сәтті аяқталады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ алтыншы ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

1.Тоқты
Қаржыңызды жақсылап есептеп алған жөн. Қарыздардан құтылып, үнемдей бастасаңыз дұрыс болады.
2. Торпақ
Туа біткен жарқын мінезіңіз көп жерде көмекке келеді. Күлімдегеніңізді көрген кезде басшылықтың қаһары қайтады.
3. Егіздер
Бүгін тәуекелге бармаңыз, әйтпесе сан соғып қаласыз. Алыс сапарға шықпаған жөн. Қаржыңыздан айырылып, меншігіңізді ұрлатып алуыңыз мүмкін.
4. Шаян
Көріпкелділігіңіз бен батылдығыңыз жетістікке жету мүмкіндігін арттырады. Өмірлік әлеуетіңіз біртіндеп көбейеді. Бұл сексуалды тартымдылығыңызды арттырады.
5. Арыстан
Бүгін сізге жаңа қызмет немесе жаңа жұмыс ұсынылуы мүмкін. Күмәнданудың қажеті жоқ. Сізді жарқын болашақ күтіп тұр, сондықтан ынтызарлығыңызды арттырыңыз.
6. Бикеш
Махаббат үшін қолайлы күн. Бүгін үйленуге ұсыныс жасап немесе некеге тұруға болады. Кез келген бастама үшін қолайлы уақыт. Көптен бері армандап жүрген арманыңыз орындалуы мүмкін.
7. Таразы
Бүгін сізді күрделі күн күтіп тұр. Мүлік, мирас мәселесін шешуге немесе несие алуға тура келеді. Кешті отбасыңызға арнасаңыз дұрыс болады. Дәмді асты жеп, шеріңізді тарқатсаңыз, жеңілдеп қаласыз.
8. Сарышаян
Өмірлік әлеуетіңіз жоғары деңгейде. Іскерлік кездесуге немесе іссапарға аттануыңыз мүмкін. Кәсібіңізді үлкейтуді қаласаңыз, бұл бастамаңыз оң нәтиже береді.
9. Мерген
Қаржы мәселесінде, жаңа табыс көзін табуда жетістікке жетесіз. Жаңа идеялар мен стратегияларыңыздың арқасында іскерлік кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізесіз. Сіздің ерекше идеяларыңыз бен жеңіске деген сенімділігіңіз серіктестеріңізді келесімшартқа қол қоюға көндіреді.
10. Тауешкі
Тұрмыстық мәселелерді шешпеген абзал. Мешкейлікке салынуға, ішімдік ішуге болмайды.
11. Суқұйғыш
Келіссөздер жүргізу үшін өте қолайлы күн. Еңбекқорлығыңыз бен табандылығыңыздың арқасында мақсатыңызға жетесіз. Сыйақы алуыңыз мүмкін, тіпті жалақыңызды көтеру ықтималдығы да жоғары.
12. Балықтар
Бүгін бәрінен оқшауланып, жаныңызға қуаныш сыйлайтын істермен айналысқан жөн. Шулы ортада болуға, қонаққа баруға болмайды. Бұдан еш жақсылық шықпайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1776938-altynsy-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/