Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде қайтыс болған адамды көру нені білдіреді

Опубликовано:

Түсіңізде қайтыс болған адамды көру нені білдіреді?
Көрнекі фото: Pixabay.com

Адамдардың түсіне қайтыс болған жақындары жиі кіріп жатады. Көпшілік мұндай түсті жамандықтың белгісі деп жориды. Десе де түрлі түс жорамалдарында мұндай түстерге әрқилы түсініктеме берілген. Бүгін біз солардың кейбіріне тоқталуды жөн көрдік.

Sonnik.kz-те түске қатысты мынадай болжамдар айтылған:

Түсіңізде қайтыс болған жақын туысыңызды көру жақын арада қиындықтардан арылатыныңызды білдіреді. Егер туысыңыз сізге ашулы болса, онда шынайы өмірде күнә жасағаныңыз.

Егер қайтыс болған адамды түсіңізде тірі деп ойлап, оның жағдайы жақсы екенін көрсеңіз, оның о дүниеде жағдайы жақсы екенін білдіреді.

Егер марқұм жаман әрекеттер жасап жатса, онда ол сізге шынайы өмірде жаман әдеттерден бойыңызды аулақ ұстау керек екенін ескертіп жатыр.

Түсіңізде қайтыс болған адамды сүйсеңіз, шынайы өмірде сіз күтпеген жерден байлық пен табысқа кенелетініңіз.

Қайтыс болған адам сізге таза, жақсы зат берсе, онда өңіңізде сізді қуанышты хабар мен жақсылық күтіп тұр.

Ал ұсынылған зат лас болса, онда қиындықтар болатыны жайында ескертеді.

Түсіңізде марқұммен бір төсекте ұйықтағаныңыз ұзақ өмір сүретініңізді білдіреді.

Ванганың түс жорамалы

Ванганың түс жорамалына сәйкес, қайтыс болған адам түске кірсе, жамандықтың белгісі екен. Түс жорушының болжамы бойынша, қайтыс болған адамның түске кіруі түрлі жағдайға тікелей баланысты болмақ.

Атақты көріпкелдің сөзінше, қайтыс болған адам түске кіру арқылы қандай да бір жайсыз оқиғаны ескертеді екен. Енді солардың негізгілеріне тоқталып өтсек:

Таныс емес қайтыс болған азаматтар не себепті түске кіреді?

Егер о дүниелік болған адамның түрі жайсыз болса әрі оның дауысы қырылдап шығып тұрса немесе жөтеліп тұрса я болмаса түшкіріп жатса, онда жайсыз хабар аласыз деп есептеңіз. Тағы бір айта кетерлігі, мұндай түс – сізді әлдекімнің сатып кететінінің белгісі болуы мүмкін.

Таныс адамыңыз түсіңізде тірі жүрсе, яғни о дүниеге аттанбаса, бұл да жағымсыз жаңалықтың белгісі болуы ықтимал.

Демек сіздің жаныңызда жүрген адамдардың бәрі жақсы емес, олардың бәріне бірдей сенуге болмайды. Олар сізді жақын арада аяқтан шалуы әбден мүмкін деген болжам бар.

Не себепті түсіңізде көптеген өлген адамдар кіреді?

Мұндай түс жаһандық сипатқа ие болуы мүмкін. Егер түсіңізде көп өлген адамды көрсеңіз, онда пандемия немесе жойқын табиғи апат болады деген сөз.

Миллердің түс жорамалы

Миллердің пайымдауынша, қайтыс болған адам түске кіру арқылы жақын арада орын алатын күрделі мәселені ескертуі мүмкін екен. Бұл мәселенің неге байланысты болатынын, түсіңізді нақты есте сақтай алсаңыз ғана білуге болады.

Егер о дүниелік болған адамды түсіңізде көріп, бірақ нақты не болғанын ұмытып қалсаңыз, онда мұндай түске қатысты екі болжам бар:

  • Коммерциялық жобаңыз сәтсіз болады
  • Алыстағы немесе сапарда жүрген жақыныңыздан суыт хабар келуі мүмкін

Миллер қайтыс болған адамға қатысты тағы да бірнеше болжам жасаған:

Табытта жатқан адам не себепті түске кіреді?

Түсіңізде қайтыс болған жақыныңыз немесе басқа бір адамды көрсеңіз, онда ұзақ уақыт бойы сәтсіздіктерге ұшырайсыз деген сөз.

Қайтыс болған жақыныңыздың түсіңізде тірі жүруі ненің белгісі?

Әрине мұндай түс адамдарды шошытуы мүмкін, алайда мұндай түсті жақыныңыз қайтыс болады деп болжамаған жөн. Егер қайтыс болған туысыңыз түсіңізде тірі жүрсе, бұл – отбасыңызда ұрыс-керіс болады деген мағынаны білдіреді және ол үлкен даулы оқиғаға айналуы мүмкін.

Егер үйіңізде сіз ойлағандай ұрыс-керіс болмаса, онда отбасы мүшелерінің бірі қандай да бір қолайсыз оқиғаға тап болады деп ойлаңыз.

Ал сүйіктісі бар жандарға мұндай түс кіретін болса, онда жанындағы серігі көзіне шөп салуы мүмкін деген жорамал бар.

Қайтыс болған адам көзін монетамен жауып тұрса, ненің белгісі болуы мүмкін?

Айналаңызда жүрген жауыңыздың бірі жеңіске жетуі ықтимал.

Басы бос қыздарға қайтыс болған жақындары не себепті түске кіруі мүмкін?

Мұндай түс оларға кез келген адамға сене бермеу керек деген мағынаны білдіреді болмаса мұндай түстер күрделі мәселенің туындайтыны жайлы ескерту болуы мүмкін.

Түсіңізде қайтыс болған адамды көру нені білдіреді?
Көрнекі фото: Pexels.com

Лоффтың түс жорамалы бойынша, мұндай түс қандай мағынаны білдіреді?

Түс жорушының болжамы бойынша, түске өлген адамның кіруінен адамдар қорықпауы тиіс. Оның айтуынша, мұндай түс – түс көрушінің қайтыс болған адамға деген сағынышы немесе оны жиі ойлағанынан кіруі мүмкін.

Ал егер түске ертеректе қайтыс болған туыстар (достар, жақындарыңыз, жарыңыз) кірсе, мұндайда болашақта қандай да бір оқиға орын алуы мүмкін деген ой тіптен дұрыс емес дейді Лофф.

Оның сөзінше түсіңізге кірген қайтыс адам өзін өлмегендей ұстап, түк болмағандай жүрсе, онда мұндай түсті жоруға болады екен. Лофф мұндай жағдайда қайтыс болған адам қандай іс-әрекет істеп жүргені маңызды дейді:

  1. Егер сізді күлдіргісі келсе, онда түс көріп жатқан адам шытырман оқиғалардың арасында жүр әрі оны қандай да бір оқиғалар мазалап жүр.
  2. Егер қайтыс болған адам шағымданып жүрсе, онда оның өліміне өзіңізді кінәлаудан арылу керек.
  3. Ал егер қайтыс болған адам бір шешіміңізге көңілі толмай жүрсе, онда жақын арада шешіледі деген мәселені кейінге қалтыра тұру қажет.

Жалпы ол қайтыс болған адамның түске кіруі – түс көрушінің:

  • көңілге жақын қабылдайтынын
  • кез келген нәрседен күдіктеніп тұратынын
  • кез келген адамға сене бермейтінін білдіреді дейді.

Ислам түс жорамалы бойынша қайтыс болған адам не себепті түске кіреді?

Егер тірі адам түсіңізде қайтыс болса, онда Алла оған ұзақ ғұмыр нәсіп етеді

Қайтыс болған ата-анаңыз немесе ата-әжелеріңіз түске кірсе...

Өміріңізде шешілмей жүрген мәселе жақын арада шешіледі деген сөз.

Қайтыс болған адамды тапсаңыз?

Онда көп олжаға бөленесіз

Өлген адаммен қол алысып, амандассаңыз...

Демек Алла Тағала түс көрушіні қорғап-қолдап жүреді деген сөз.

Әрине аталған болжамдардың бәрі – тек жорамал ғана екенін есте ұстау керек және қайтыс болған адамдар түске кірді деп мұңаюдың қажеті жоқ. Мамандардың пікірінше, бұл сіздің оларға деген сағынышыңыздан болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1777109-tsiizde-kajtys-bolgan-adamdy-kru-neni-bildiredi/

pixel