Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" арнасы Ақбота Сейітмағамбет ойнаған драманы көрерменге ұсынбақшы

Опубликовано:

«Хабар» телеарнасында жаңа драма көрерменге жол тартады. 12 бөлімді телехикаяда дәулетті отбасының жалғыз қызы Айсұлудың өмірі суреттеледі.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Картинада басты рөлді Ақбота Сейітмағамбет сомдайды. Бұл Ақботаның алғашқы драмалық образы. Сондықтан түсірілім барысында қобалжу болды дейді актриса. «Осы уақытқа дейін мен мелодрамаға түскен емеспін. Бұл сериал мен үшін үлкен тәжірбие болуда. Мен өмірде қалжыңбас, әзілқой, күліп жүретін адаммын, ал бұл сериалда мұңлы, ішінде қайғысы бар адамды ойнаймын» - дейді Ақбота Сейітмағамбет.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Оқиға желісі бойынша Айсұлу тұрмысқа шығайын деп жатқанда ата-анасының қазасына сүйген жігіті Арсеннің кінәлі екендігін біледі. Арсеннің мақсаты – байлыққа қол жеткізу.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Фильмде Арсеннің рөлін жас актер Ақберен Жұмабаев ойнайды. Ақбереннің айтуынша өмірде ол өте мейірімді адамдардың бірі. Алайда кинода үнемі жағымсыз кейіпкерлерді сомдайды екен. «Арсен адам өлтіргіш, қатігез жан. Бұл рөл маған жақын деп айта алмаймын. Неге екенін білмеймін, қанша жағымды рөл ойнағым келсе де, режиссердің көзқарасы сондай ма әлде маған сондай рөл түседі ме, барлығы менен жағымсыз кейіпкерді көреді», - дейді актер.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Ата-анасынан айрылған қыз өзіне қол жұмсамақ болған кезде жылаған баланың даусын естиді. Далада жатқан сәбиді көріп, ойынан бас тартады да бүлдіршінді алып нағашы әжесінің ауылына тартады.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Алайда мұнымен Айсұлудың басына түскен қиындықтар біте қоймайды. Оны алда өмірдің талай сыны күтіп тұр. Бұл шиеленістен басты кейіпкер шыға алады ма? Мұны фильм барысында көресіздер.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Тағы туындыда Дәурен Айдарқұлов, Серікбай Ахметұлы, Бақытжан Әлпейісов, Сәкен Рақышев, Ақзер Сегізбаева және т.б. актерлер ойнайды.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Картинаның режиссері Төребек Бейсебаев. «Бұл сериалға дайындық үш ай жүрді. Өйткені басты кейіпкер Айсұлуды табуға ұзақ уақыт кетті. Көптеген қыздар іріктеуге қатысты» - дейді режиссер.

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

Жалпы түсірілім Алматы қаласы мен шаһар маңында өткен. Шығармашылық топ көрерменге қызықты болады деген үмітте. Олай болса дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 21.30-да «Хабар» телеарнасынан «Жалғыз жауқазын» телехикаясын тамашалаңыздар!

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

«Жалғыз жауқазын» сериалы 11 ақпанан бастап эфирге шығады

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1777130-habar-arnasy-akbota-sejitmagambet-ojnagan-dramany-krermenge-synbaksy/

pixel