Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетінші ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Әр қадамыңызды аңдып басып, асығыс шешім қабылдауға болмайды. Қандай жағдай болмасын сабырлы болу керек, obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жетінші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Жетінші ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Көрнекі фото: depositphotos.com: Depositphotos

1.Тоқты

Бүгін әрбір сөзіңізді ойланып сөйлеңіз, әрекеттеріңізге де абай болыңыз. Кенет алған хабардан кейін тұрмыстық мәселелерді шешуге кірісесіз.

2. Торпақ

Бүгін айналадағы адамдардың бәріне қамқорлық танытып, көмектесесіз. Сүйіктіңіз сізге деген сезімін дәлелдейді.

3. Егіздер

Бизнес пен мансап үшін өте қолайлы күн. Бірақ қара жұмыс немесе техникамен жұмыс істесеңіз, сақ болыңыз. Бүгін көп ақша жұмсауға болмайды.

4. Шаян

Жаныңыз өзгеріс қалайды, бірақ нені өзгертуді қалайтыныңызды өзіңіз де білмейсіз. Сондықтан жаңа зат сатып алыңыз, жаңа фильм көріңіз де сабаңызға түсіңіз. Түбегейлі өзгерістер үшін әлі ерте.

5. Арыстан

Бастаған істерді аяқтайтын уақыт келді. Күтпеген жерден жоспарларыңыз бұзылуы мүмкін. Қиындықтарға мойымауға тырысыңыз.

6. Бикеш

Іскерлік байланыстарды нығайту үшін қолайлы күн. Бұрынғы серіктеріңіз жұмыстарыңызды жандандыруға ұсыныс жасауы мүмкін.

7. Таразы

Бүгін қаржылық және тұрғын үй мәселелерін шешумен айналысқан дұрыс. Егер сапарға шығуды жоспарлап отырсаңыз, ол сәтті өтеді.

8. Сарышаян

Сіз үшін өте қолайлы күн. Көтеріңкі көңіл-күй өмірдің барлық саласында жетістікке жетуге көмектеседі.

9. Мерген

Арандатушылардың жетегіне салынбаңыз. Бастаған істерді аяқтап, жаңа іс бастамаған жөн.

10. Тауешкі

Жақындарыңызбен сөйлескен кезде сын айтпауға тырысыңыз. Шығынға батуыңыз мүмкін, сондықтан қымбат заттар алмаңыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін тек оптимистердің жолы болады. Қаржыңызды банкке немесе бизнеске салуды басқа күнге қалдырыңыз.

12. Балықтар

Бүгін жүрек-қантамыр жүйесіне назар аударып, көбірек тынығуға тырысыңыз. Қымбат заттар алуға болмайды, ал ұсақ-түйек заттар сізге қуаныш сыйлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1777132-zetinsi-akpanga-arnalgan-zldyz-zoramal/