RU

Кувейтте үйленген ғашықтар үш минуттан соң ажырасып кетті

Кувейтте үйленген соң үш минуттан кейін ажырасып кеткен ғашықтар рекорд орнатты. Жастар неке сарайынан шығып жатқанда сөзге келіп, шаңырақтарын бұзған деп хабарлайды news.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: "Горько" фильмінен кадр
Фото: "Горько" фильмінен кадр: Twitter

Тойды бұзу туралы мәселені бірінші қалыңдық көтерген. Неке сарайынан шыққан кезде ол баспалдақтан тайып кетіпті.

Осы кезде оның жұбайы әйелін "ақымаққа" теңеген екен. Сол сөздерден кейін ару қайтадан неке сарайына кіріп, ажырасуды жөн көріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1777433-kuvejtte-jlengen-gasyktar-s-minuttan-so-azyrasyp-ketti/