Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін шығармашылық шабытыңыз артады. Аса күрделі жобаларды бастамаңыз, одан да күнделікті істермен айналысқан жөн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 18-ші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

18 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Көрнекі фото: depositphotos.com: Depositphotos

1. Тоқты

Бүгін әріптестермен және басшылықпен сөзге келудің қажеті жоқ. Әйтпесе бұл жанжал жұмыстан кетуіңізбен аяқталуы мүмкін. Жақындарыңызбен болған түсініспеушілік ашушаңдығыңыздың себебі болуы мүмкін. Достарыңызбен сөйлесіп, шеріңізді тарқатып қайтыңыз.

2. Торпақ

Электр құрылғыларын пайдаланғанда сақ болыңыз. Қаржы мәселесінде тәуекелге бармаңыз. Сізге кеңес немесе ақша қажет болуы мүмкін. Таныстарыңыздан сұрап көріңіз. Кешке романтикалық көңіл-күйде боласыз.

3. Егіздер

Шындықты өтіріктен ажырату бүгін қиынға соғады. Іскерлік кездесу немесе әңгімелесу кезінде сақ болыңыз. Жалпы қолайлы күн. Жақындарыңызбен уақыт өткізіп, пайдалы заттар сатып аласыз.

4. Шаян

Бүгін шұғыл шаруалардың астында қаласыз. Басым бөлігін шешуге тырысыңыз. Кәсіби біліктілігіңіз жоғары бағалануы мүмкін. Кешке қарай жағымды жаңалық естисіз.

5. Арыстан

Бүгін шығармашылықпен айналысқан дұрыс. Үйдегі жиһаздардың орындарын ауыстырыңыз, досыңызға жеке басының мәселелерін шешуге көмектесіңіз, жаңа киім алыңыз. Бұл дүйсенбі сізге демалыс күні сияқты көрінуі мүмкін. Бос уақытыңыз көп болса, оны зая кетірмеңіз.

6. Бикеш

Бүгін түйсігіңізге сенім артыңыз. Таңғы уақытқа жоспарланған сапарлар мен кездесулерден бас тартпаңыз. Күннің екінші жартысын маңызды шаруаларды шешуге арнаңыз. Жұмыстағы әріптестерге қырыңдамаңыз, соңы сәтсіз аяқталуы мүмкін.

7. Таразы

Бүгін түр-әлпетіңізге көңіл бөліңіз. Сонда күні бойы басқалар сұлулығыңызға тамсанады. Жеке өміріңізде оң өзгерістер болуы ықтимал. Сіздің шығармашылық және бизнесс идеяларыңызды қолдайтын дәулетті адам пайда болуы мүмкін.

8. Сарышаян

Сіз үшін бұл күн көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді. Ұжыммен бірлесе жұмыс істесеңіз, жетістікке жетесіз. Жеке басыңызға қатысты істерде де сәттілік күтіп тұр. Отбасылық жанжалдарды аяқтап, сүйіктіңіздің жүрегін жаулай аласыз. Денсаулығыңызға мән беріп, оны нығайтудың жолдарын қарастырыңыз.

9. Мерген

Бүгін көтеріңкі көңіл-күйде боласыз. Қаржы мәселесіне қатысты өте жақсы ұсыныс алуыңыз ықтимал. Ол жобадан бас тартпаңыз. Бұл байлық пен дәулетке кенелуге көмектесуі мүмкін.

10. Тауешкі

Бүгін тылсым дүниелерді түсінуге шабытыңыз ашылады. Бірақ бұл әуестігіңіз күнделікті шаруаларды істеуге кедергі келтірмегенін қадағалаңыз. Қарапайым дүниелерден құпия іздемеңіз. Бұл күні мүлікті сақтандыру мәселелерін шешуіңіз мүмкін.

11. Суқұйғыш

Туыстарыңызбен қарым-қатынас жасағанда ашуға бой алдыруыңыз мүмкін. Кешірімді болып, ешкімді сөкпеңіз. Кәсіби істерде сәттілік күтеді. Үлкен көлемде сыйақы немесе басқа да қаржылық алғыс алуыңыз мүмкін. Отбасыңызда болашақ жоспарларға қатысты дау туындауы мүмкін.

12. Балықтар

Бүгінгі күнді өте тиімді өткеруіңіз мүмкін. Көп нәрсе табандылығыңыз бен кірпияздығыңызға байланысты болады. Жеке және кәсіби істерде шаруаны орта жолда қалдырмаңыз. Дау немесе жанжал туындаса, өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. Сараңдық пен өтіріктің арбауына түспеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779039-18-akpanga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel