Желіні шарлаған алты жасар қарияның суреті көпшілікті таңғалдырды (фото)
Опубликовано:
Желіде 6 жастағы қыздың 100 жастағы әжей образына айналған суреті тарап, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Балабақшадағы жүзінші күнін кішкентай қыз 100 жастағы әжей кейпінде өткізгісі келген.
Оған анасы мен әжесі макияж арқылы "жаңа кейіпкер" сыйлауға көмектесіп, бүлдіршін жақсы көретін "Няня" телехикаясындағы Йетты Розенбергтің образын жасап шыққан.

Балабақшадағы құрдастары мен ұстаздары "басқа адамға" айналған қызға күні бойы таңғалып жүріпті.

6 жастағы қыз өмірде косметикасыз, бояусыз өзінің жасына лайықты көрінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779158-zelini-sarlagan-alty-zasar-kariany-sureti-kpsilikti-tagaldyrdy-foto/