Ата-анасы да ажырата алмайтын үш жасар егіздер желіде жұлдыз болды
Опубликовано:
Британдық блогер Саймон Хупер егіз қыздарының cуретін желіге жариялап, оларды ажырата алмайтынын айтқан. Үш жасар қыздар сол сәтте-ақ Instagram жұлдыздарына айналған деп жазады Woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үш жастағы Отти мен Делила - әлеуметтік желі жұлдыздары. 35 жастағы әкесі Саймон Хупер оқырмандарына қыздарын ажырата алмайтынын айтқан.

Мұндай шындық оқырмандар арасында қызу талқыға түскен. Бірі оның әкелік қабілеттеріне күмән келтірсе, енді біреулері Саймонды жақтап, қыздарды ажырату шынымен де қиын екенін мойындаған.

"Балаларымды ажыратып үйрендім деп ойласам, қателесіппін", - деп жазыпты блогер.

Қуанышқа қарай, Саймонның жұбайы Клейми қыздарын еш қиындықсыз ажыратады екен. Бақытты жұп төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779159-ata-anasy-da-azyrata-almajtyn-s-zasar-egizder-zelide-zldyz-boldy/