Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

19 ақпан күні қазақстандықтар Айды жақыннан көре алады

Опубликовано:

19 ақпан күні Ай жерге жақындай түседі. Ерекше көріністі қазақстандықтар да тамашалай алады деп хабарлайды iz.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: РИА Новости/Антон Денисов
Фото: РИА Новости/Антон Денисов: Facebook

19 ақпан күні Астана уақытымен сағат 15:07-де Ай Жерге 356 761 шақырымға жақындайды.

Кешкі сағат 21:54-те толғай Айды көруге болады.

"19 ақпан күні түнде 2019 жылдың ең үлкен Айын тамашалауға болады. Жердің серігі көріп жүрген айдан 14% үлкен және 30% жарық болып көрінеді", - деп хабарлайды "Роскосмос".

Мамандардың айтуынша, ең үлкен айды көру алғаш рет 1948 жылы болған.

"Супер Ай" деп аталынған бұл құбылысты кез-келген адам, телескоп, дүрбі арқылы байқай алады.

Мамандар сол сәтте Айдың бетіндегі шұңқырлар, таулар айқын көрінетінін жеткізді. Алайда бұл үшін түн бұлтсыз, аспан ашық болуы тиіс.

Айта кетейік, айдың толуы жыл сайын болып тұрады.

Бірақ толған ай мен жер серігінің жақын қашықтықта жақындауы сирек кездеседі.

Фото: iz.ru
Фото: iz.ru: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779314-19-akpan-kni-kazakstandyktar-ajdy-zakynnan-kre-alady/

pixel