Түсіңізде өкіріп жылау нені білдіреді

Опубликовано:

Көңіл-күй
Түсіңізде өкіріп жыласаңыз өңіңізде не болады?: Pexels.com

Түсіңізде жылау немесе күлу шынайы өмірде керісінше жайт орын алатынының белгісі. Кейде түсіңізде қатты жылағаныңыз соншалық, оянғанда жастығыңыздың дымқыл тартып, су болғанын байқайсыз. Жалпы түсте қатты жылау ненің белгісі болуы мүмкін? Аталған сұрақтың жауабын бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

Еnigma-project сайты ұсынған мәліметтерге сәйкес, түсте жылау төмендегідей мағынаны береді:

Түсті жорудан бұрын көз жасыңызға не себеп болғанын еске түсіріңіз.

Егер өкіріп жылап, жасыңыздың тамшылап аққанын көрсеңіз, бұл жақын болашақта байлыққа кенелетіндігіңіз. Жас тамшылары ақшаны білдіреді. Неғұрлым көп жас төксеңіз, соғұрлым көп ақша табасыз.

Ғашық бойжеткен сүйіктісі үшін көз жасын төксе, шынайы өмірде жігіті оған ілтипатын білдіріп, алақанында ұстайды деген сөз.

Түсіңізде сүйіктіңіз сізді тастап кетіп, сол үшін жылап отырсаңыз, шын өмірде сізге үйленуге ұсыныс жасалады немесе қуанышты өзгеріс болатындығын білдіреді.

Егер біреуді жоқтап, қайғырып жылап отырсаңыз, шынайы өмірде ұзақ ғұмыр сүретіндігіңіз.

Егер Морфей патшалығында біреуді жұбатып отырып, қосыла жыласаңыз, мұндай түс көп ұзамай тағдырыңызды түбегейлі өзгертетін кездесу болатынын хабарлайды. Сонымен қатар бұл жаңа адамдармен танысып, бұрынғы достарыңызбен қарым-қатынасыңызды жандандыратыныңызды білдіреді.

Ал қандай да бір жануарды немесе хал үстіндегі адамды аяп, көз жасыңызға ерік берсеңіз, онда өміріңізде оң өзгерістер болады деген сөз.

Алайда қатты күлгеннен көз жасыңыз ағып жатса, бұл шынайы өмірде үлкен соққы алатындығыңыз жайлы ескертеді. Мұндай келеңсіздіктің себепкері жақын адамыңыз болуы мүмкін.

Сондай-ақ түсіңіздегі жыл мезгілі де аса маңызды.

Түсіңізде жазда жүрсеңіз, кәсібіңіз өрге дөңгелейді. Қыс мезгілі болса, онда махаббатыңыз бен достығыңызды үлкен сын күтіп тұрғандығы.

Күз мезгілі болса, онда ақшаны үнемдеу керек, әйтпесе ағаш жапырағынан айырылған сияқты, қаржысыз қаласыз. Ал көктем мезгілінде жүрсеңіз, сізге көмекке бейтаныс адам келетінін білдіреді.

жылау
Түсіңізде өкіріп жыласаңыз өңіңізде не болады?: Pexels.com

Фрейдтің түс жорамалы

Белгілі австриялық психосарапшы Зигмунд Фрейд түсте жылауға қатысты төмендегі болжамдарды айтқан:

  • Түсте жылау – өзіңнен кейін ұрпақ қалады дегенді білдіреді
  • Егер әйел адам түсінде жыласа, онда көп ұзамай жүкті болады деген сөз.
  • Егер әйел адам түсінде жылап тұрған ер-азаматты көрсе, онда ол өзінің интимдік өміріне көңілі толады деген сөз.
  • Егер ер адам түсінде жыласа, онда оның әйелдер қауымын естен тандыратындай сымбатты түр-келбеті деген сөз.

Ал егер ер адамның түсіне жылап тұрған әйел адам кірсе, онда ол өзінің өмірлік серігін кездестіріп, одан ұрпақ сүйгісі келеді деген сөз.

Түсіңізде өкіріп жылау: Миллердің түс жорамалы

Атақты астролог, хиромант және түс жорушы Миллердің түс жорамалы бойынша түсте өкіріп жылау жамандықтың белгісі екен. Оның пайымынша түсінде адам жылап жүрсе, демек өңінде қиын жағдай болады деген сөз.

  • Егер түсіңізде жас бойжеткен жыласа, онда ол жақын арады сүйіктісімен ұрысып, оның өмірінде түсініспеушіліктер орын алады деген сөз. Ол онымен тек өзін өзгерту арқылы ғана татуласа алады.
  • Егер маңайызда адамдар жылап жатса, онда сіздің үйіңізде қиындық болады деген сөз және маңайындағыларыңыз осы жайтқа байланысты сізге қолдау көрсетеді деген мағынаны білдіреді.
  • Сіз кәсіпкер немесе бизнесмен болсаңыз және түсіңізде жыласаңыз, онда сізде көп ұзамай қаржылық қиындықтар туындайды деген сөз. Ал түсіңізде сіз емес, өзге біреу жыласа, онда жақсылықтың белгісі, өңіңізде жақын арада қуанышты хабарды аласыз деген сөз.

Ал егер түсіңізде өкіріп жылап тұрған адамды жұбатсаңыз, онда сізге бұрыннан бері ренжіп жүрген адам сізді кешіреді деген сөз.

Ислам түс жорамалында түсте жылау қандай мағынаны білдіреді?

Исламдағы түс жорамал бойынша түсіңізде жылау қуаныштың белгісі немесе жақын арады сізді көптен бері мазалап жүрген уайым-қайғыдан арыласыз деген сөз. Ал түсіңізде Алланың алдында өзіңіздің істеген қателіктеріңіз бен күнәларыңызға өкініп жыласаңыз тіптен жақсы – ол өміріңізде қуанышты хабар аласыз деген сөз.

Аталған түс жорамалында түске жылап кіруге байланысты жамандықтың белгісі болып табылатын жорамалдар бар. Мысалы түсіңізде жылап, үстіңіздегі киімді жыртып, сонымен бірге өкіріп жылап жатқан дауысты естісеңіз, онда ол жамандықтың белгісі екен.

  • Егер бетіңізде суық жас болса – жақсылықтың, ыстық жас болса – қайғылы хабардың немесе уайымның белгісі
  • Отанынан жырақта жүрген адам түсінде жыласа – онда ол жалғыздықтың және жақын адамдарын сағынып жүр деген мағынаны білдіреді.
  • Ал түсте жылап тұрған адамды көру – онда ол адамдың ақшаны шашып ұстауының белгісі болып табылады.
  • Егер көзіңізде жас болып, бірақ жыламасаңыз – онда біреуге ұрсып, бірақ ұрысқаныңызды айналаңызға көрсетпейтін жағдайда боласыз.
Түсіңізде өкіріп жыласаңыз өңіңізде не болады?
Түсіңізде өкіріп жыласаңыз өңіңізде не болады? : Pexels.com

Ванганың түсте жылауға қатысты болжамы

Болгарияның әлемге әйгілі түс жорушысы Ванга түсте жылауды - жақсылықтың нышаны деген. Өкіріп жылау – өңіңізде қуанышты жағдай орын алады деген сөз. Сонымен бірге Ванга түсіңізде жылауға қатысты келесідегідей болжамдар айтып кеткен:

  • Түсіңізде әлдекімнен немесе өзіңізден жас көрсеңіз, онда жұмысыңызда жақсы жаңалық немесе маңызды адамдар қоңырау шалады деген сөз.
  • Түсіңізде өкіріп жылау – көптен уайымдар жүрген мәселеңіз шешіліп, өмірңізде тағы бір қуанышты жағдай болады деген сөз. Сол сияқты жақын арада туыстарыңыздың бірінің үйлену тойына баруыңыз мүмкін деген болжам бар.

Хассенің түс жорамалы

Хассенің түс жорамалына сәйкес, түсіңізде өкіріп жылау - түрлі жағдайларға байланысты деп жориды. Мысалы:

  • Жас бойжеткен түсінде жыласа, онда оны өңінде қуанышты жаңалық немесе жақсылық күтіп тұр деген сөз.
  • Түсіңізде өкіріп жылау – қуанышты хабар; ал жас адамдар үшін түсте өкіріп жылау – сүйікті адамыңыз ұсынып жасап, жақын арада үйленесіздер деген мағынаны білідреді.
  • Ал түсіңізде жылап жүрген адамдарды көру – жақын адамыңызды қатты сөз айтып немесе іс-әрекетіңізбен ренжітесіз деген сөз.

Лоффтың түс жорамалы

Лоффтың түс жорамалы түсіңізде кім және қандай жағдайда жылағаныңызға байланысты деп жориды. Мысалы:

  • Егер түсіңізде ата-анаңыз жылап жүрсе, онда сіздің өміріңізде сәттілік жоқ әрі оған өзіңіз кінәлісіз деген мағынаны білдіреді.
  • Егер түсіңізде анаңыз жылап жүрсе – онда оның жеке өмірінде қиындықтар орын алады немесе денсаулығында кінәрәт болады деген сөз.

Түсте баланың жылауы ненің белгісі болуы мүмкін?

Мұндайда түсіңізде сәбидің қалай жылағаны немесе оның жылаған даусын есту деп екіге бөліп қарастыруға болады. Егер түсіңізде сәбидің жылағанын көрсеңіз, онда біреуден көңіліңіз қалып, өміріңізде қиындықтар орын алады деген сөз. Ал егер түсіңізде шақалақтың шырылдаған дауысын естіп, бірақ оны көрмесеңіз, онда көп ұзамай жақсы жаңалық аласыз деген сөз.

  • Түсіңізде ренжіп жылау – өміріңізде жеңілдейсіз деген мағынаны білдіреді.
  • Егер түсіңізде жақын туысыңыз немесе досыңыздың қайтыс болғанын естіп, өкіріп жыласаңыз, онда мұндайда көңіліңізді түсірмеңіз. Мұндай түс жамандықтың белгісі деп есептелмейді. Демек сіз сол түсіңізде қайтыс болған адамды қолдап, оған демеу болуыңыз керек деген сөз.

Егер түсіңізде қатты жылап, содан оянып кетсеңіз – онда ол өңіңізде қандай да бір жағдай болады деген мағынаны білдірмейді. Сізге тек өміріңіздегі негативтен арылып, сары уайымға салынбау керек. Мүмкін сіздің мінезіңіз тұйық және өзіңіздің ішкі жан-дүниеңіздегі күйзелісті көпке көрсете бермейсіз. Сондықтан көпке мықты болып көрінуге тырыспаңыз, қажет болса өмірде жылап немесе өз қалауыңызды жақындарыңызға айтып, жан дүниеңіздегі өзгерістермен жақын адамдармен бөліскеніңіз жөн болар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1779439-tsiizde-kirip-zylasayz-iizde-ne-bolady/

jitsu gif