Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орыс қызы Lamborghini сыйлап, сезімін білдірген қытайлық жігіттен бас тартты

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде қытайлық жігіттің орыс қызына Lamborghini көлігін сыйлап, үйленуге ұсыныс білдірген видеосы тарап кетті. Алайда бойжеткен қытай жігітінің қолын қайтарып, сезімінен бас тартқан деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Видеодан зәулім мекеменің жанында гүл ұстап тұрған жігітті байқауға болады. Арада аз уақыт өткенде мекемеден орыс қызы шыққан.

Жас жігіт бойжеткенге өзінің сезімін білдіріп, алдына тізерлеп тұрады.

Алайда сұлу қыз қытайлық жігіттің гүлінен де, қымбат көлігінен де бас тартқан.

Ашуланған жігіт қыздың қолынан ұстап жібермей қойғанымен, бойжеткен оны сүймейтінін жеткізеді.

Осыдан соң қыз бұл көрініске куә болып тұрған көпшіліктің арасынан кетіп қалған.

Ал сезімі сәтсіз аяқталған жігіт гүл шоғын жерге лақтырып, дайындап қойған от шашуларды қиратып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780049-orys-kyzy-lamborghini-syjlap-sezimin-bildirgen-kytajlyk-zigitten-bas-tartty/

pixel