RU

Келіншек көзіне шөп салған күйеуін көңілдесімен қосып ағашқа байлап тастады

Қытайдың Гуйчжоу провинциясында келіншек көзіне шөп салған күйеуі мен оның көңілдесін ағашқа байлап тастады. Желіде тараған видеода жартылай жалаңаш азамат пен келіншекті жұрттың бәрі мазақтап тұрғанын байқауға болады деп жазады iz.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: thesun.co.uk
Фото: thesun.co.uk: Facebook

Бейнежазба кадрлары полицейдің орын алып жатқан оқиғаға қатыспағанын аңғартады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, өз күйеуін көңілдесімен байқап қалған келіншек оларды күштеп далаға шығарып, ағашқа байлап қойған.

Хушуи округы қауіпсіздік бюросы бұл оқиғаны растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780666-kelinsek-kzine-sp-salgan-kjeuin-kildesimen-kosyp-agaska-bajlap-tastady/