RU

Ішіне жын кіріп кеткен адамдарды қалай байқауға болады?

Жындар – ойдан шығарылған қиял емес. Олар көбінесе лас орындарда, айдала мен шөл далада жүреді. Күн батқанда жер бетіне тарала бастайды. Ал ішіне жын кірген адамдарды қалай байқауға болады? Бұл сұраққа "Алаш айнасы" жауап береді.

Көрнекі фото: othermedia.info
Көрнекі фото: othermedia.info: Facebook

Көп жағдайда кірдің суын немесе ыстық суды есік алдына немесе көшеге төгу, айдалада ұйықтап қалу, күл-қоқысты басу, елсіз жерде түнде жүру, малдың сүйегін тебу, үнемі күнә жасау және сиқырланып қалу сияқты себептермен жын тиюі мүмкін.

Жынның адамның ішіне кіріп кету жолы көп. Оның арнайы белгілері жоқ. Бірақ, түрлі себептер болуы ықтимал. Көбінесе жын тию төмендегідей белгілерінен байқалады:

1. Ешбір себепсіз үнемі бас ауру;

2. Аяқ-қолдың ұйығанын сезіну;

3. Алла Тағаланы зікір еткенде, Құран оқығанда іштей қарсылық сезіну;

4. Құранды тыңдағанда бас ауруын сезіну немесе дене-мүше еріксіз қимылдай бастауы;

5. Жынның науқас тілімен сөйлей бастауы;

6. Беймаза түстер көру және ұйқыда бейне бір құлап бара жатқандай сезіну.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780688-isine-zyn-kirip-ketken-adamdardy-kalaj-bajkauga-bolady/