RU

Ер адамды нокаутқа жіберген дүкен сатушысы жұртты таңғалдырды (видео)

UFC жұлдызы Даррен Тилл ресейлік сатушы қыздың білек күшіне тәнті болған. Бойжеткен дүкенге келген азаматтардың біріне жойқын соққысының астына алып, талдырып тастаған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Instagram

Ағылшын спортшысы бойжеткеннің соққысының сәтін өзінің Instagram парақшасына жариялап қойған.

Vesti.ru сайтының мәліметінше, оқиға Владимир облысы Гусь Хрустальный қаласындағы дүкендердің бірінде орын алған. Болған жайт бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Бейнежазбадан дүкенде кезекте тұрған азаматтың бірі жанындағы адамды тоңазытқышқа ұра бастағанын аңғаруға болад. Ресейлік сатушы қыз оның ерсі қылығына шыдай алмай, бірнеше рет жойқын соққы жасап, ақыр-соңы оны нокаутқа жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1781629-er-adamdy-nokautka-zibergen-dken-satusysy-zrtty-tagaldyrdy-video/