RU

Мультимиллионер 118 миллион теңгеге күйеу бала сатып алмақшы (фото)

Таиландтың мультимиллионері өзінің жалғыз қызын бизнеске және 300 000 долларға "сатады" деп хабарлайды 360 телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Viral Press
Фото: Viral Press: Facebook

Таиландтық азамат Карнсита есімді жалғыз қызына болашақ жар іздестіруде.

Ол бұл шешімге көп ізденіспен келіпті.

Фермасы бар бойжеткеннің әкесі болашақ күйеу баласына өзінің кәсібі мен 314 000 доллар немесе 118 миллион теңгесін бермекші.

Ол өзінің қызына тек бар жақсылықты тілейтінін жеткізді.

Фото: Viral Press
Фото: Viral Press: Facebook

Әкесі қызын әдемі, әрі ақылды деп санайтынын, сол себепті оның қасында лайықты жігіт болуын қалайтынын жеткізді.

Мультимиллионер бір ғана шарт қойған.

"Менің іздеп жүрген болашақ күйеу балам еңбекқор және тырысатын азамат болуы керек. Қалауым тек осы", - деді ол.

Қыздың өзі мұндай шешімге таңғалғанын жасырмады. Ол әкесіне кедергі болмайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1782314-multimillioner-118-million-tegege-kjeu-bala-satyp-almaksy-foto/