Әйгілі миллиардер жыныс мүшесіне ота жасату кезінде қайтыс болды
Опубликовано:
Парижде бельгия-израилдық миллионер Эхуд Арье Ланиадо жыныс мүшесін үлкейтетін ота жасату кезінде қайтыс болды деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ота кезінде Эхуд Арье Ланидоның жыныс мүшесіне екпе жасалған, бірақ содан кейін оның жүрегі тоқтап қалыпты.
Ақ халаттылар оны құтқаруға тырысқанмен, бұдан түк шықпаған. Ота жұмыстан тыс, кешкі уақытта жасалған.
Ланиадо аласа бойы үшін қатты ұялған көрінеді.
"Ол бойы туралы тек бухгалтері банктегі қаражаты жайлы ақпаратты оқығанда ғана ұмытатын", - деді марқұмның танысы.
Кәсіпкер 65 жаста болған. Гауһар тас сатып байлыққа кенелген ол әлемдегі ең үздік гауһар тас сарапшысы болған.
2015 жылы ол "Жозефинаның көгілдір айы" атты гауһар тасты рекордтық баға 48,5 миллион долларға сатқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1782388-jgili-milliarder-zynys-msesine-ota-zasatu-kezinde-kajtys-boldy/