Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орманда адасқан екі кішкентай қыз ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

АҚШ-тың Калифорния штатында 250 ерікті екі күн бойы бес және сегіз жасар қыздарды іздеп, оларды кәмпит қаптамасының көмегімен тапқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Орманда адасқан екі кішкентай қыз ғажайыптың күшімен аман қалды
Фото: humboldtgov.org: Facebook

Полиция ақпаратынша, бірінші наурыз күні апалы-сіңлілі үйлерін маңында ойнап жүрген. Қыздар үй маңынан бұғы іздерін байқап, соңынан орманның ішіне кірген. Бірақ қайтар жолды таба алмаған.

Абырой болғанда қыздардың бірі жас скаут бағдарламасына қатысып, қиын жағдайда аман қалу әдістерін меңгерген болып шыққан. Олар бейтаныс жерде жол іздемей, көмек күтуді жөн көрген.

Құлаған бұтақтың астын пана етіп, суды жапырақтардан жинап ішкен. Ал түннің суығынан қорғану үшін көрпенің орнына жаңбырға киетін жамылғыны пайдаланған.

Орманда адасқан екі кішкентай қыз ғажайыптың күшімен аман қалды
Фото: humboldtgov.org: Facebook

Қыздарды іздеуге 250 ерікті қатысып, іздеу екі күнге созылған. Апалы-сіңліні табуға кәмпит қаптамасы көмектескен. Еріктінің бірі алғашында ораманы жерден байқап, сол маңайдан қыздардың ізін тапқан.

Қыздардың анасы мұндай жағдай қайталанбас үшін оларға GPS сағаттар сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1782467-ormanda-adaskan-eki-kiskentaj-kyz-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/

pixel