RU

Салмағы 126 келі болған бойжеткен адам танымастай арықтап кетті

Данияның Орхус қаласында тұратын 21 жастағы студент қыз Матильда Броберг қазіргі уақытта модель болып қызмет атқарады. Ол төрт жылда 126 келінің жартысын тастап, өзінің діттеген мақсатына жетті деп жазады bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Матильданың айтуынша, бұрынырақ құрбыларымен салыстырғанда екі есе көп тамақтанып, шоколадты көп жеген.

Ол мектеп бітіру кешіндегі суретін көріп, "артық салмақтан арыламын" деп өз-өзіне сөз берген.

Нәтижесінде, модель "тез дайындалатын тағамдардан" бас тартып, төрт жылда адам танымастай қалыпқа келді.

Қазіргі уақытта модель 67 келі тартады.

Матильданың айтуынша, артық салмақтан арылған соң, жақындары мен достары оны танымай қалыпты.

Модель дұрыс тамақтану мен спортпен шұғылдану салмақтан арылудың негізгі жолы екендігін айтты.

Ол әлеуметтік желі арқылы оқырмандарына ақыл-кеңесін беруді әдетке айналдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1782954-salmagy-126-keli-bolgan-bojzetken-adam-tanymastaj-aryktap-ketti/