RU

Ер адам өзіне қарай атылған оқтан ұялы телефонының арқасында аман қалды

Аустралия тұрғыны өзіне қарай бағытталған садақтың жебесін смартфон арқылы тоқтатып, аман қалды деп хабарлайды regnum.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: iphones.ru
Фото: iphones.ru: Facebook

Оқиға 13 наурызда орын алған.

43 жастағы ер адам көліктен түсіп бара жатқан уақытта танысының садақпен қаруланғанын байқаған.

Ол бірден ұялы телефонын алып, қылмыскерді суретке түсіріп алуға ниеттенген көрінеді.

Осы кезде 39 жастағы танысы садағын тартып қалған.

Садақтың жебесі ер адамның телефонына тиіп, тесіп өтіпті. Сонымен қатар оқ аустралиялықтың иегін жанап өткен. 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады.

Күдікті келесі айда сот алдында жауап бермек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1783507-er-adam-zine-karaj-atylgan-oktan-aly-telefonyny-arkasynda-aman-kaldy/