Ұлыбританияда қайтыс болған қыз бес баланың өмірін құтқарып қалды
Опубликовано:
Ұлыбританияда қайтыс болған қыздың ата-анасы оның жүрегін, бауырын, өкпесін, екі бүйрегі мен ұйқы безін науқас балаларға берді. Осылайша, марқұм қыз бес баланың өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Элла Тэтчер эпилепсияның сирек кездесетін түрі - Драве синдромына шалдыққан.
Ата-анасы 10 жастағы қызының аурудан айығып кететініне сенімді болыпты. Себебі оның жағдайы күннен-күнге жақсарып келе жатқан.
Бірақ 2018 жылы Элланың ұстамасы ұстап, ауруханаға түсіп қалыпты.
Ол белгілі бір уақытқа тыныс ала алмай қалған.
Дәрігерлер қызды құтқарып қалғанымен, көп ұзамай ата-анасына жайсыз хабарды жеткізген көрінеді.
Ақ халаттылар Элланың миы ісіп, қызметін біржола тоқтатқанын айтыпты.
"Оған көмектесе алмайтынымызды түсінгенде донорлық туралы ойландық. Элланың арқасында бес бірдей отбасы бала өлімін көрмейтін болды", - деді марқұмның анасы Анна.
Ол аурудың кесірінен балаларынан айырылған ата-аналарды осы тұрғыда ойлануға шақырды.
"Бұл сіздің балаңызды кері қайтармайды, есесіне біреудің өмірін құтқарды деген ой аз да болса жеңілдетеді", - дейді әйел.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1783864-lybritaniada-kajtys-bolgan-kyz-bes-balany-mirin-ktkaryp-kaldy/