Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам бойындағы жағымсыз бес әдетті білесіз бе?

Опубликовано:

Бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Бірақ, адамның бойында барлығының ашу-ызасын тудыратын жағымсыз әдеттер де бар деп хабарлайды horoscopes.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Адамның бойындағы жағымсыз 5 әдетті білесіз бе
Фото: pikabu.ru: UGC

1. Ақыл айту. Өз пікіріңізді дұрыс деп санасаңыз да, сізден сұрамағанша ешкімге ақыл-кеңес берудің қажеті жоқ. Өзгенің ісіне араласып, сүйкіміңізді кетіріп алуыңыз мүмкін.

2. Өзімшілдік. Әңгіме арасында өзіңізді қыстырып, қара басыңызды ғана ойлаудың қажеті шамалы. Бір уақыт өзгелердің жағдайына көңіл бөліңіз. Әйтпесе, жалғыздықта қалып қоюыңыз ғажап емес.

3. Этиканы сақтамау. Соғылған қоңырауға жауап бермеу, қайта хабарласпау, күнделетіп хаттарға жауап жазбау, оқымау – мұның бәрі қарым-қатынас этикасының жоқтығын білдіреді.

4. Тілдесушінің сөзін бөле беру. Әңгімелесіп отырған адамның сөзін бөле берсеңіз, демек, сіз басқаны тыңдай алмайсыз. Өзгені сыйлап, өзіңіз де сыйлы болыңыз.

5. Шағымдану. Егер сіз әрдайым өзгелерге шағым айтып, өміріңізде орын алып жатқан жағдайларға көңіліңіз толмаса, адамдардың сізбен неге араласқысы келмейтініне таңданбаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1784298-adam-bojyndagy-zagymsyz-bes-detti-bilesiz-be/

pixel