Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қыздарға қазан тазалауды үйреткен келіншек желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде болашақ келіндерге күйіп кеткен қазанды тазалау жолдарын көрсеткен келіншектің видеосы жылдам таралуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас келіндерге қазан тазалаудан лайфхак ұсынған келіншек желіде жұлдыз болды
Видеодан скриншот: Facebook

Келіншек қыс бойы пеш үстінде тамақ әзірленген қара қазанды көрсетіп, сыртын тазалаудың оңай жолын көрсететініне сендіреді.

Ол қазанды төңкеріп, астына от жағып, қызған қазанды оңай тазартады.

"Міне, достар! Жарты сағаттың ішінде таза, экологиялық тазалау осындай болады", - дейді келіншек.

Оқырмандар да осы әдіске қатысты өз пікірлерін білдірген.

"Жақсы тәсіл, бірақ дұрыс қарап отырып, тазаламасаң, қазантесіліп кетуі мүмкін. Талай болды ондай жағдайлар", "Жақсы тәсіл. Біз де осы әдісті қолданамыз", "Өте жақсы тәсіл Алматыда тұрып-ақ осылай жасаймыз. Негізі іші де тазарады. Сəл ертерек алып қойған. Химикатардан осы дұрыс", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787495-zas-kyzdarga-kazan-tazalaudy-jretken-kelinsek-zelide-zldyz-boldy/

pixel