"Ұят": Тойда шығыс биін билеген жігітті көпшілік сынап тастады
Опубликовано:
Тойда ер азаматтың "шығыс биін" билеген сәті әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің сынына ұшырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі kazakhtoy тобында жарияланды.
Кадрдан ер азаматтың қонақтардың алдында шығыс биін билегенін байқауға болады.
Мұны көрген желі оқырмандары "масқара", "ұят", "не би мынау", "жігітке жараспайды", - деген пікірлерін қалдырды.
Айта кетерлігі, тойдың қашан және қай өңірде түсірілгені белгісіз. Алайда, видеодан айыр қалпақ киіп отырған азаматтарға қарап желі қолданушылары мұны қырғыз тойы деп болжады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1787957-at-tojda-sygys-biin-bilegen-zigitti-kpsilik-synap-tastady/