Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың ұлттық тағамы бұжы мен әсіптің айырмашылығы неде?

Опубликовано:

Қаржыгерлік мамандығын тастап, ауылда өз кәсібін дөңгелеткен маңғыстаулық келін Мадина Лепесбаева қазақтың бұжы мен әсіп тағамдарының қандай айырмашылығы барын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсіп. Фото: Neke.kz
Әсіп. Фото: Neke.kz: Depositphotos

Жас келіншектің айтуынша, тағамдардың бірі тіскебасар ретінде дастарханға қойылса, енді бірі ыстық тамақ ретінде қонаққа тартылады екен.

"Бұжыны көп өңірлерде әсіппен шатастырады екен. Бірақ негізі қазақтың ұлттық тағамдарының қатарында бұжы да, әсіп те бар. Айырмашылығы әсіптің құрамында малдың ішкі құрылысы: өкпе, бауыр, жүрек, күрішті тұз, бұрышпен араластырып жасаса, ал бұжыда тек қана іш май, ет және бауыр болады. Әсіпті тіскебасар ретінде дастарханға ұсынса, ал бұжыны етпен, қазы-қарта, жал-жаямен бірге, бешмармақпен қатар береді", - деп түсіндірді келіншек.

Сондай-ақ ол бұжының қазіргі рецептісінде кейбір өңірлер картоп та қосатынын айтты.

"Бұрындары картоп қоспаса да, қазір қосып жатады және оны тек қойдың қарнына салып жасайды. Сосын тағы бір айырмашылығы әсіпте бәрін еттартқыштан өткізсе, бұжыда қолдан турап әзірлейді", - дейді Мадина Лепесбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1788120-kazakty-lttyk-tagamy-bzy-men-sipti-ajyrmasylygy-nede/

pixel