Бұрынғы жігітінің тойына келіп, оның аяғына жығылған ару желіні шулатты (видео)
Опубликовано:
Қытайда қалыңдық көйлегін киіп алған қыз бұрынғы жігітінің үйлену тойына келіп, шу шығарды. Бойжеткен ер азаматтың аяғына жығылып, оның қайтадан өзіне оралуын сұраған деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайлық бойжеткен шаңырақ көтеріп жатқан жұптардың маңызды сәтінде тойдың шырқын бұзған.
Видеодан күйеу жігіттің бұрынғы сүйіктісіне айқайлап, оны қуып жіберуге тырысып жатқанын байқауға болады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ер азамат бойжеткенмен мінездері сәйкес келмегендіктен айырылысқан.
"Бұның бәріне мен кінәлімін", - деді бойжеткен.

Ал нағыз қалыңдық екеуінің арасындағы әңгімеге шыдай алмай, салтанат залынан шығып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, үйлену той сол жерден тоқтаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1788218-bryngy-zigitini-tojyna-kelip-ony-aagyna-zygylgan-aru-zelini-sulatty-video/