Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде жардан құлау не білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде жардан құлау әрдайым жаманшылықтың нышаны. Мұндай түс жақын арада тәуекелге бармай, қауіпті іс-шараға араласпау керек екенін ескертеді. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде жардан құлау не білдіреді?
Көрнекі фото: LiveInternet: Facebook
  • Түсіңізде жардан құлаған болсаңыз, онда жуырда қаражаттан қысыласыз. Ақша үнемдеуге дайындала беріңіз.
  • Тік жардан құлау өзіңізге деген сенімдсіздікті көрсетеді. Өзіңізбен жұмыс істеп, жағдайды өзгертуге тырысыңыз.

Жардан құлау өміріңіздің қиын кезеңі басталатынын білдіреді. Қиындықтарға дайын болыңыз.

  • Басқалардың құлап жатқанын көру достарыңызға немесе жақыныңызға көмек қажет болады деген сөз.

Егер мұндай түсті әйел адам көрсе, оның жұбайына немесе сүйіктісіне психологиялық қолдау қажет екенін білдіреді.

  • Біреу сізді жардан итеріп жіберсе, онда шынайы өмірде дұшпандарыңызбен жалғыз күресесіз.
  • Ал егер түсіңізде жардан құлап бара жатып, кенет құстай самғап кетсеңіз, онда істі сәтті аяқтап, жаныңыз тыныштық табады.

Құлау кезіндегі жайттарға да мән берген жөн:

  • Тез құлау - қате шешім;
  • Ақырын - қиялдарыңыз шындықты көруге кедегі келтіруде;
  • Жардың шетінен ұстап қалу - жағдайдың тұрақсыздығы;
  • Өз еркіңізбен құлау - жаңа қызмет;
  • Құлап, сәтті жерге түсу - үйлесімділік, қиындықтардың шешілуі;
  • Шексіз құлау - күйзеліс, үмітсіздік;
  • Құлағаннан кейін жарға қайта шығу - жаңа өмір бастамасы, сынақтан өту;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1788341-tsiizde-zardan-klau-ne-bildiredi/

pixel