Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдағы теңіз бетінде әлемдегі ең алып шұңқыр пайда болды

Опубликовано:

Ғалымдар әлемдегі ең терең шұңқыр қайда орналасқанын анықтады. Белгілі болғандай, алып шұңқыр Парасель аралдарында пайда болыпты деп хабарлайды Global Times-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Youtube
Фото: Youtube: Facebook

Sansha Yongle деп аталатын шұңқырдың тереңдігі бүгіннің өзінде 300 метрге жетсе, диаметрі 130 метрді құраған екен. Аталмыш шұңқыр Оңтүстік Қытай теңізінде пайда болған көрінеді.

"Шұңқырдың бергі бетінде 20-дан астам теңіз балықтарының тіршілік ететіні анықталды. Зерттеу барысында, шұңқырдың қанша дәуірден бері бар екені айқындалатын болады", - дейді ғалымдар.

Айта кетерлігі, теңіз бетіндегі мұндай шұңқырлар күні бүгінге дейін адамзатқа құпия құбылыс болып табылады. Ғалымдар бүгіннің өзінде әлемдегі мұндай "көк шұңқырлардың біразын әлі де жіті зерттеп көрмеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789008-kytajdagy-teiz-betinde-lemdegi-e-alyp-skyr-pajda-boldy/

pixel