Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде шөл даланы көру нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде шөл көру жамандықтың нышаны. Әсіресе көріп жатып жалғыздық, қорқыныш сезімдерін сезінсеңіз. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға шөл көргенде қалай жору керегін ұсынады.

Түсіңізде шөл көру нені білдіреді?
Көрнекі сурет: tamaragobbettoph/Shutterstock: Facebook

Шөл жалғыздықтың нышаны. Достарыңыз бен жақындарыңыз сіз туралы ұмытады. Олармен араласуға талпынбаңыз, бекер көңіліңіз қалады.

Шөлде түйенің үстінде кетіп бара жатқаныңызды көру - келешекте қиындықтардың бәрін жеңе алатыныңызды білдіреді. Сондай-ақ бұл бір жақты махаббаттың нышаны да болуы мүмкін.

Егер шөлден қиналып өтсеңіз, бұл жаныңыз шындығында не қалайтынын түсінесіз деген сөз.

Шөлде бейтаныс адамды кездестірсеңіз, бұл болашақта сәтсіздіктер болатынын ескертеді. Қаржы мәселесі туындап, денсаулығыңыз сыр беруі әбден мүмкін.

Егер жас бойжеткен шөлде жалғыз жүргенін көрсе, онда ол жайында жағымсыз өсек тарап, беделіне нұқсан келеді деген сөз.

Шөлде өліп қалған болсаңыз, дереу өміріңізді өзгертіңіз. Бұл қазіргі өміріңіз мәнсіз, текке кетіп жатқанын білдіреді.Жұмысыңызды ауыстырып, жаңа дос табыңыз.

Егер шөлде қасыңызда серігіңіз болса, онда шынайы өмірде қиындықтарды еңсеруге біреу көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789633-tsiizde-sl-kru-neni-bildiredi/

pixel