Нью-Йоркте ер адам 19-шы ғасырдағы танымал шіркеуін жағып жібермек болды
Опубликовано:
Нью-Йорк полициясы Әулие Патрик шіркеуіне екі канистр бензин мен өртке арналған сұйықтықты алып кірмек болған ер адамды құрықтады деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жааған KAZ.NUR.KZ.

Құрықтау кезінде күдікті 19 ғасырдан бері тұрған шіркеудің есігіне бензин мен от жағуға арналған сұйықтықты төгіп жіберген.
"19:55 шамасында ер адам Манхэттенде орналасқан Әулие Патрик шіркеуіне екі канистр бензин мен от жағуға арналған сұйықтықтықты алып кірді. Нью-Йорк полициясы бірден ер азаматты құрықтады", - деп жазды қала полициясы twitter парақшасына.
NBC телекомпаниясының ақпаратынша, құқықбұзушы 37 жастағы ер адам екені анықталған. Құрықтау кезінде ол ыдыстағы сұйықтықты шіркеудің есігіне төгіп жіберіпті. Күдікті өзімен бірге 15 литр бензин, екі бөтелке өрт тудырушы сұйықтық пен екі от тұтандырғыш ұстап жүрген екен.
Қазіргі таңда полиция көлігінде бензин таусылған соң жанармай канистрлерін ұстап жүргенін айтқан ер азаматты тергеуге алды. Тексеріс барысында ер адамның сөзі расталған жоқ.
Әулие Патрик шіркеуі - 1878 жылы салынған Манхэттен ауданындағы католиктік ғибадатхана.
Естеріңізге сала кетсек, 15 сәуір күні Парижде Құдай ана шіркеуі өтке оранған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789708-nu-jorkte-er-adam-19-sy-gasyrdagy-tanymal-sirkeuin-zagyp-zibermek-boldy/