RU

Армениялық қақпашы атыс кезінде көз жұмды

Армениялық "Ереван" футбол клубының қақпашысы Мушег Гевондян атыс кезінде жараланып, қайтыс болды деп хабарлайды 24tv.ua-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мушег Гевондян, фото: 1in.am
Мушег Гевондян, фото: 1in.am: Facebook

Оқиға 15 сәуір күні Ереван көшелерінің бірінде орын алған.

Атыс салдарынан үш адам жараланды.

Жергілікті клубтың қақпашысы 23 жастағы Мушег Гевондян басына тиген оқтан, есін жимастан көз жұмды.

"Ереван" клубының басшылығы футболшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789726-armenialyk-kakpasy-atys-kezinde-kz-zmdy/