Украиндағы сайлау: Зеленский Порошенкодан үш есе көп дауыспен озып тұр

Опубликовано:

Украинаның орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің 95,87% хаттамасы тіркелгенін мәлімдеді. Сайтта жарияланған мәліметте Владимир Зеленский 73,14%, Петр Порошенко 24,52% дауыс жинағаны көрсетілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Владимир Зеленский. Фото: Brendan Hoffman / Stringer / Getty Images
Владимир Зеленский. Фото: Brendan Hoffman / Stringer / Getty Images: UGC

Осыған дейін экзитполдың нәтижесі белгілі болған еді. Онда шоумен дауыс берушілердің 73,2% қолдауына ие болғаны көрсетілген.

Ал Зеленскийдің қарсыласы Петр Порошенко өзінің жеңілгенін мойындаған.

Сондай-ақ, Владимир Зеленский мен оның жары Елена Зеленскийдің жеке өмірі жайлы толығырақ ақпарат жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790353-ukraindagy-sajlau-zelenskij-porosenkodan-s-ese-kp-dauyspen-ozyp-tr/