Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесінің даусын естіп жылауын қойған сәби жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Жылап, мазасы кеткен сәбидің әке даусын естіп, тынышталып қалған сәті бейнеленген видео ғаламторда тарап кетті. Instagram желісіндегі shymkentskayaa парақшасындағы аталмыш бейнежазба жұртты сүйсінтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр: UGC

Видеоны сәбидің әкесі түсірген. Кадрда әкесінің жылап жатқан сәбиді даусымен тыныштандырып жатқанын байқауға болады.

Мазасы кеткен нәресте әкесінің даусын естіп, тәтті ұйқыға кеткен.

Аталмыш видеоға қатысты желі оқырмандары түрлі пікір қалдырған.

"Әкенің аты әке ғой", "Медитация", "Мен бала дауыстан шошып, ұйықтап қалды деп ойладым", "Бәрінің осындай әкелері бар болсын", - деп жазды олар.

Сонымен қатар, желі қолданушылары бұл тәсілді баларын ұйықтату үшін қолданып көретіндерін де сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790476-kesini-dausyn-estip-zylauyn-kojgan-sbi-zrtty-zregin-elziretti/

pixel