Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде он жастағы Мессидің болашақ әйелімен түскен суреті тарады (фото)

Опубликовано:

Желіде "Барселона" жұлдызы Лионель Месси мен әйелінің бала кезіндегі суреті пайда болды. Анықталғандай, аталмыш фотода танымал аяқдопшы небәрі он жаста ал әйелі Антонелло Рокуццо тоғызда болған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ғаламторда тарап кеткен сурет Аргентинадағы Мар-дель-Плата жағалауында түсірілген.

Он жастағы Мессидің болашақ жарымен түскен суретін Diario La Capital de Mar de Plata атты аргентиналық басылым жариялаған.

Басылымның мәліметінше, он жасар Месси ол кезде "Ньюэллс Олд Бойз" командасымен балалар арасындағы футбол турниріне қатысқан.

Өзімен бірге ойнайтын ойыншының үйіне тоқтаған Лео бос уақытында жағалауға барады. Сол жерге Мессидің тағы бір командаласы Лукас Скалья да келген.

Алайда, ол бір өзі емес, өзімен бірге қарындасы Антонелло Рокуццоны да ерте келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1790478-zelide-on-zastagy-mesidi-bolasak-jelimen-tsken-sureti-pajda-boldy-foto/

pixel