Түркияда демалып жүрген Зеленскийдің суреттері жарияланды (фото)

Опубликовано:

Украинаның жаңа көшбасшысы Владимир Зеленскийлің Түркияда өткен үшкүндік демалысынан суреттер жарияланды. Президенттік сайлауда жеңіске жеткен соң бес күннен кейін саяхатқа аттанған басшының фотолары түркиялық Anadolu АА сайтында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr: UGC

Агенттік ақпаратына сәйкес, әртіс жанұясымен бірге Бодрум қаласында демалған. Ол бес жұлдызды қонақүйлердің біріне тоқтаған.

Көңіл көтеріп, жұмысшылармен әзілдескен және уақытша аспаз болып, грильде ет қуырған Зеленскийді мейрамхана қызметкері суретке түсіріп алған.

Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr: UGC

Зеленский барған жерлерде қатаң қауіпсіздік шаралары жүргізілген.

Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr: UGC

Оның жанұясы Бодрумнан 29 сәуір, дүйсенбі күні кеткен.

Агенттіктің хабарлауынша, ол Түркияда өзімен бірге жүргендердің барлығына алғыс білдірген. Артынша президентті жергілікті билік VIP-терминалдан шығарып салған.

Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791711-trkiada-demalyp-zrgen-zelenskijdi-suretteri-zarialandy-foto/