Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызғызстанда ұрлықшы дүкеннің терезесінде қысылып қалды

Опубликовано:

Қырғызстанның Сокулук ауданы учаскелік полиция қызметкері Новопавловка ауылында орналасқан дүкендердің біріне ұрлыққа түскен күдіктіні қолға түсірді деп хабарлайды kabar.kg-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kabar.kg
Фото: kabar.kg: UGC

Полицияның мәліметінше, 2019 жылдың 19 сәуір күні Сокулук ауданының Новопавловка ауылындағы учаскелік полиция қызметкері қызметін атқарып жүрген кезде азық-түлік дүкендерінің бірінде ұрлық жасап жатқан жас жігітті құрықтаған. Ол дүкеннің кішкентай терезесінде қысылып қалып, бірден полиция қызметкерінің назарына түскен.

Аталған факті Қырғыз Республикасының Қылмыстық Кодексінің 39-200 бабы (ұрлық жасау) қылмыс белгілері бойынша СДТБТ ИАҚ-да тіркелген, сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Одан әрі жедел және тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар кәмелет жасқа толмаған 16 жастағы А. Т. мен 15 жастағы А. Т. болып шыққан.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстығын тексеруде. Сотқа дейінгі іс жалғасуда", - делінген хабарламада

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1791810-kyzgyzstanda-rlyksy-dkenni-terezesinde-kysylyp-kaldy/

pixel