Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Икер Касильяс инфаркт алып, ауруханаға түсті

Опубликовано:

Әлемге әйгілі қақпашы Икер Касильяс инфаркт алып, ауруханаға түскен. Бұл жағдай таңғы жаттығу кезінде орын алған деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Порту" футбол клубының қақпашысы кезекті жаттығу кезінде өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген. Анықталғандай, 37 жастағы Икер Касильяс инфаркт алған.

Спортшыға бірден ота жасалып, бүгінде оның жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, футболшының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Белгілі болғандай, Касильяс осы мауысымның соңына дейін алаңға шықпайды. Ол португалиялық команданың намысын 2015 жылдан бастап, қорғап жүр.

Бұған дейін, ол 16 жыл бойы "Реал Мадрид" сапында өнер көрсеткен. Қақпашы испаниялық клубтың нағыз жұлдызы болған.

Қақпашының бұрынғы және қазіргі клубтағы әріптестері оған өз қолдауын білдіруде. Икердің өзі отадан кейін Instagram парақшасына сурет жүктеп, көпшілікке алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792012-jgili-iker-kasilas-infarkt-infarkt-alyp-auruhanaga-tsti/

pixel