Таиланд королі бұрынғы стюардессаға үйленді (фото, видео)
Опубликовано:
Таиландтың 66 жастағы королі Маха Вачиралонгкорн (Рама Х) бұрын Thai Airways әуекомпаниясында стюардесса болып жұмыс істеген Сутхиде Таджейге үйленді деп хабарлайды newsru.co.il сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Таиланд королінің жұбайы 40 жаста. Бұрын ол бортсерік болып жұмыс істеп, Король гвардиясының арнайы бөлімшесінде қызмет еткен.

Содан кейін генерал атағын алып, Рама Х жеке күзетінің басшысы болған.
Салтанатты рәсім 1 мамыр күні өткен. Мерекелік шаралар үш күн бойы жалғасады.

4 мамыр күні ресми тәж кигізу жорасы өтіп, ол Таиланд патшайымы болып жарияланады.
Неке кию салтанаты кезінде қалыңдық дәстүрлі түрде патшаға бас иді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792013-tailand-koroli-bryngy-stuardessaga-jlendi-foto-video/