Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Судың үстінде орналасқан әлемдегі ерекше ауыл жұртты таңдай қақтырды

Опубликовано:

Әлемдегі ерекше ауылдардың бірі - Голландиядағы Гитхорн елдімекені. Сонымен қатар, бұл жерді голландиялық Венеция деп атайды. Себебі ол су арналарының үстінде орналасқан және ауылда жолдардың орнына көпір қолданылады екен деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ауылда жүріп-тұру үшін велосипед жолдары мен көптеген су арналары бар.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бұл ауылда қоғамдық көлік ретінде ескек қайықтар мен электр қозғалтқышпен жұмыс істейтін кемелер қолданылады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Үйлер бір-біріне жақын орналасып, бір-бірімен ағаш көпірдің көмегімен байланысқан.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Гитхорн - туристердің сүйікті жері. Себебі бұл жерде қарапайым жолдар мүлде жоқ.

Арналардың жанында бір-бірінен асып түскен, көркіне көз тоймайтын әсем үйлер орналасқан.

Каналдың бір жағында тар асфальтты жол бар. Тек осы жолдың көмегімен жаяу жүруге болады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ауылдың негізін 1230 жылы мемлекеттің оңтүстігінен келген қашқындардың кішігірім тобы қалаған.

Қашқындар ауыл тұрған жерге алғаш рет келгенде, су тасқынынан қалған ешкі мүйізінен басқа ештеңе таппапты.

Сол себепті ауыл "Goat horns "ешкі мүйізі" деп аталып кеткен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
Ауылдағы барлық үйлердің шатыры сабаннан жасалған. Бұрын тек ауқатты адамдар үйлерін жабынқыш шатырмен салған, ал қарапайым халық сабанды қолданған.

Ал қазір бәрі керісінше. Сабанның бағасы қымбатырақ

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ауылда 2620 адам тұрып жатыр. Жергілікті тұрғындар ауылдарының ерекшелігі - су арналарында емес, тыныштық пен жайлы атмосферада деп есептейді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1792219-sudy-stinde-ornalaskan-lemdegi-e-erekse-auyl-zajly-ne-bilemiz/

pixel